Жамбыл облысында 200-ден астам тіркелмеген мотокөлік анықталды

Жамбыл облысында 200-ден астам тіркелмеген мотокөлік анықталды
ашық дереккөзден

Қордай ауданы полиция қызметкерлері жүргізген «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ауданда 62 электрлі үш дөңгелекті мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оның 50-і белгіленген тәртіппен тіркелмеген, деп хабарлайды ult.kz.

Қордай ауданы полиция қызметкерлері жүргізген «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ауданда 62 электрлі үш дөңгелекті мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оның 50-і белгіленген тәртіппен тіркелмеген.

Қалған 12 мотокөлік тіркеуде тұрғанымен, олардың пайдаланылу тәртібінде заң бұзушылықтар болған. Аталған мотокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

Жалпы облыс аумағында іс-шара басталғалы бері мототранспортты пайдалану тәртібін бұзуға қатысты 200-ден астам дерек анықталған.

Полиция азаматтарға электрлі үш дөңгелекті көліктер де заңнама талаптарына сәйкес тіркелуге тиіс екенін еске салады. Тіркеусіз көлік құралын пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.