Алматыда жер сілкінісі сезілді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды, деп хабарлайды ult.kz.
ТЖД мәліметінше, қазір сейсмология мамандары жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығын анықтап жатыр. Тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат берілген.
«Жағдай бақылауда. Сабыр сақтап, үрейге берілмеңіздер. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер», – деді Алматы ТЖД өкілі Ерген Батпасов.
Жер сілкінісіне қатысты ақпарат толықтырылады.