Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы келді

Ұлттық статистика бюросына жаңа басшы келді

Жандос Шаймарданов Ұлттық статистика бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.