Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

ҰҚШҰ бақылауындағы нысандарды Қазақстанның құқық органдарына тапсыру жоспары әзірленуде

ҰҚШҰ бақылауындағы нысандарды Қазақстанның құқық органдарына тапсыру жоспары әзірленуде


Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлері бір тәулік ішінде әлеуметтік маңызы бар 5 нысанды қорғауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аlmatyapat Telegram-каналына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі ресми арнаға орналастырылған мәліметке сүйенсек, ҰҚШҰ-ның әскери күштері бір тәулікте әлеуметтік маңызы бар 5 нысанды бақылауға алды. Беларусьтің бітімгерлер контингенті Жетіген әскери аэродромының және оқ-дәрілер арсеналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. 

ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштердің қолбасшысы, генерал-полковник Андрей Сердюковтың дерегінше, қазір ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштер қолбасшылығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, бітімгерлер күзетке алған нысандарды Қазақстанның құқық қорғау органдарына тапсыру бойынша жоспар әзірлеуде.