Украинадағы қазақстандықтар отырған алғашқы рейс Польшадан ұшып шықты

Украинадағы қазақстандықтар отырған алғашқы рейс Польшадан ұшып шықты


Air Astana әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы қазақстандықтарды әкелу үшін бүгін, Алматы уақытымен сағат 09:53-те Атыраудан Польшаның Катовице қаласынан ұшып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.

Рейс Катовицеден сағат 10:30-да ұшып, Атырауға 19:20-да жетеді. Жанармай құйғаннан кейін Алматыға 00:30-да келеді деп күтілуде. 

ҚР СІМ мәліметінше, осы ұшақпен 175 қазақстандық оралады. Екінші репатриациялық рейс 1 наурызға жоспарланған. Катовицеден 02:15-те шығып, Атырауға 11:35-те келеді.