
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы титулына бұрынғы үміткер Стивен Томпсон Шавкат Рахмоновпен сегізбұрышты бөлісуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл қызық болды. Соңғы жазбамның астына ол шыққан елдің бүкіл халқы хат жазды. Бұған дейін 18-ге жуық пікір жазылатын, бірақ сол жекпе-жектен кейін (Рахмонов пен Мэгни - еск.) олардың саны 300-ден асты. Онымен шығуды ұсынып, жалау эмодзи жіберді (Қазақстан туы - еск.). Барлық пікір ағылшын тілінде нашар жазылған", - деді Томпсон Youtube-арнасында.