Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары теңізде шомылып жүрген бес жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды ult.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қатты толқынның салдарынан жасөспірімдер өз күштерімен жағаға қайта алмай қалған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар дереу көмек көрсетіп, олардың барлығын қауіпсіз түрде жағаға жеткізді.
Абырой болғанда, құтқарылғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, ауа райы қолайсыз кезде суға түспеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.