Freedom Inside '26

Тыйым салынған жер: Павлодарда бозбала суға кетіп, мерт болды

Тыйым салынған жер: Павлодарда бозбала суға кетіп, мерт болды
freepik.com

Павлодар қаласында 17 жастағы жасөспірім суға батып көз жұмды. Қайғылы оқиға шомылуға арналмаған жасанды су қоймасында болған, деп хабарлайды ult.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2009 жылы туған жасөспірім үй жануарларын суаруға арналған су қоймасына шомылуға барған кезде батып кеткен.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жасөспірімнің денесін тауып, судан алып шыққан.

Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Мамандар аталған су қоймасы шомылуға арналмағанын және мұндай жерлерде суға түсу өмірге қауіп төндіретінін ескертті. Сондай-ақ ата-аналарды балалар мен жасөспірімдерді су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге шақырды.