Түркістан облысында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан жеті адам қаза тапты. Қайғылы оқиға бойынша полиция қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.
Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы түнгі уақытта Бәйдібек ауданындағы Шаян–Екпінді автожолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.
Апат салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта полицейлер жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.