Түркі әлемі музыканттары «Үш қоңыр» әнін орындап, Елбасын құттықтады

Түркі әлемі музыканттары «Үш қоңыр» әнін орындап, Елбасын құттықтады

Түркі әлемі елдерінің әртістері сөзін Нұрсұлтан Назарбаев, ал музыкасын Алтынбек Қоразбаев жазған «Үш қоңыр» туындысын орындау арқылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, РФ субъектілері саналатын Башқұртстан, Татарстан, Якутия және Гагаузияның (Молдава) 50-ден астам музыканты мен солисі қазақ туындысын жаттап, орындап, оны смартфон арқылы жазып жіберген. Содан кейін файлдар бір бейнебаянға топтастырылған. 

Жоба режиссері - ТҮРКСОЙ ұйымының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Нұрмахаматұлы болды. 

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының «Музыкалық достастық» ұранымен өткен кезекті халықаралық жобаға елорданың «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, Алматы қаласының «Сазген сазы» этно-фольклорлық ансамблі, Түркі әлемінің талантты жас музыканттарынан жасақталған ТҮРКСОЙ халық аспаптары оркестрі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы қатысты.

Жобаға қатысқандар:

Қазақстаннан:

Ерлан Рысқали - ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

Назым Сағынтай - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі.

Жақсыгелді Маясаров - республикалық конкурстардың лауреаты, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының солисі.

Айнұр Әбілдаева - республикалық конкурстардың лауреаты, Түркістан облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның солисі. 

Аяулым Құнанбаева - «Алатау» дәстүрлі өнер театрының мульти-аспапшысы.

Әзербайжаннан: 

Намиг Асланов - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты.

Шахрияр Мусаев - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты.

Руслан Зарбалиев - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты.

Эльнур Алиев - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты.

Қырғызстаннан:

Жанар Туратова - Т.Сатылғанов атындағы қырғыз мемлекеттік филармониясының солисі. 

Динара Тилекеева - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. 

Гүлшан Таалайбекова, Әйгерім Мұхтардинқызы, Сайкал Әбілқасымова, Шолпан Мелісбекова - «Акак» қобызшылар ансамблінің солистері, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары.

Өзбекстаннан:

Хулькар Абдуллаева - Хорезмнің танымал әншісі, « Nihol» мемлекеттік сыйлығының иегері.

Эсминара Мустафаева - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты.

Ровшан Юнусов - «Аббос» ансамблінің жетекшісі. 

Түрікменстаннан:

Гулярам Балтаева - халықаралық конкурстардың лауреаты. 

Түркиядан:

Эмир Чигнер - «баглама» муызканты, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты.

Башқұртстаннан (РФ):

Зилия Бахтиева - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты.

Татарстаннан (РФ):

Фарида Шайхутдинова - Татарстан Республикасының Мемлекеттік ән мен би ансамблінің солисі. 

Айдар Сулейманов - Татарстанның еңбек сіңірген әртісі. 

3. Зарина Хасаншина - халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. 

Саха-Якутиядан (РФ):

Юлиана Кривошапкина - әлем виртуозы, этно әнші. 

Гагаузиядан (МОЛДОВА):

Игорь Подгореану - халықаралық конкурстардың лауреаты.