19 қазанда Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Кейбір қалаларда тұман түсіп, шығыста жаңбыр аралас қар күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада жауын-шашынсыз, тұманды ауа райы болжанады. Түнде +2…+4, күндіз +13…+15 градус болады. Жел күндіз секундына 9–14 метрге дейін күшейеді. Алматыда жауын-шашын болмайды: түнде +2…+4, күндіз +15…+17 градус. Шымкентте де күн ашық болып, түнде +7…+9, күндіз +22…+24 градусқа дейін жылынады.
Көкшетау, Қостанай және Петропавлда күндіз жаңбыр жауады. Петропавлда жел екпіні секундына 23–28 метрге, Көкшетауда 23 метрге дейін жетеді. Бұл қалаларда күндіз +13…+18 градус шамасында болады. Оралда да аздаған жаңбыр күтіледі.
Қарағанды мен Семейде тұман түседі. Семейде түнде −1…−3, Талдықорғанда −3…−5 градусқа дейін суытады. Өскеменде түнде жаңбыр аралас қар жауып, күндіз +4…+6 градус қана болады. Ал Ақтау, Атырау, Қызылорда және Түркістанда жауын-шашынсыз, күндіз +20…+24 градусқа дейін жылы ауа райы сақталады.