Төрт облыста жол ашылды

Төрт облыста жол ашылды

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарының тасжолдарында автокөліктің жүруіне рұқсат етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында 6 наурыз 09.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» тасжолының 51-104 шақырымында, Ақмола облысының шекарасы-Нұра ауылы аумағында. көлік қозғалысы қайта жанданды. 

Сондай-ақ Қарағанды облысында 6 наурыз 8.30-дан бастап «Қызылорда-Павлодар» тасжолының 967-1135 шақырымында, Қарағанды қаласы-Павлодар облысының шекарасы аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді. 

8.30-дан бастап «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолының 231-324 шақырымы, Павлодар облысының шекарасы-Ботақара ауылы аумағында көлік қозғалысы қалпына келтірілді. 

Қостанай облысында 6 наурыз 09.00-ден бастап «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолының 7-106 шақырымы, Қостанай қаласы-Әулиекөл аумағында жол (жолдың бір бөлігі) ашылды. 

Сонымен қатар 6.00-ден бастап төмендегі тасжолдарда көлік қозғалысына рұқсат етілді: 

1. «Мамлютка-Қостанай», 250-406 шақырым, Ұзынкөл-Тобыл ауылы аумағы 

2. «Екатеринбург-Алматы» 419-540 шақырым, Қарабалық ауылы-Қостанай қаласы аумағы 

08.15-тен бастап «Қостанай қаласы айналмасы» тасжолының 0-21 шақырымында көлік қозғалысы жанданды. 

Ақмола облысында 6 наурыз 9.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» автожолының 32-51 шақырымында, Қабанбай батыр-Қарағанды облысының шекарасы аумағында жол ашылды. 

Шығыс Қазақстан облысында 6 наурыз 8.00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Рахман шоқысы» тасжолының 6-66 шақырымында, Ушанова ауылы-Серебрянск қаласына бұрылыс аумағында көлік қозғалысына рұқсат етілді.