Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Ақорда мәліметінше, кездесуде Президент мәслихаттардың азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылаудағы рөлін атап өтті.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін күшейтетініне сенім білдірді.
Конституцияның 88-бабының 5-тармағына сәйкес өткен консультациялар барысында Премьер-министр мен Құрылтай төрағасы өз ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы айтылған пікірлерді ескере отырып, Конституция талаптарына сай түпкілікті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.