TikTok Орталық Азия отбасыларына арналған қауіпсіз интернет бойынша жаңа науқан бастады

TikTok Орталық Азия отбасыларына арналған қауіпсіз интернет бойынша жаңа науқан бастады
ашық дереккөз

Балаларды қорғау күніне орай TikTok Орталық Азия елдерінде «Қауіпсіз интернет үшін бірге!» атты ақпараттық-білім беру науқанын іске қосты. Бастама жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігін арттыруға, салауатты онлайн әдеттерді қалыптастыруға және ата-аналар мен балалар арасындағы ашық диалогты дамытуға бағытталған, деп хабарлайды ult.kz.

Науқан аясында қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік және түрікмен тілдерінде анимациялық бейнероликтер әзірленді. Онда TikTok-тағы «Отбасылық параметрлер» функциясын пайдалану, жас шектеулері, кибербуллингтің алдын алу, жасөспірімдерге арналған қауіпсіздік құралдары және экран алдында өткізілетін уақытты басқару мәселелері түсіндіріледі.

Платформа мәліметінше, TikTok-ты тек 13 жастан асқан пайдаланушылар қолдана алады. Ал 16 жасқа толмағандардың аккаунттарына қосымша қауіпсіздік және құпиялық шектеулері енгізілген.

Компания жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіздігі тек технологиялық құралдарға емес, ата-аналар мен балалар арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынасқа да байланысты екенін атап өтті.

TikTok алдағы уақытта да цифрлық қауіпсіздік пен пайдаланушылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған білім беру жобаларын жалғастыратынын мәлімдеді.