Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Теңіз кен орнында мердігер мекеменің цехы өртенген

Теңіз кен орнында мердігер мекеменің цехы өртенген


Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мердігер мекеменің цехы өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Теңізшепройл» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт Теңіз кен орнының өндірістік аймағынан тыс жерде тұтанған. Мердігер мекеме – «Nasar Solution» компаниясының өндірістік цехы өртенді. ТШО-ның өрт сөндіру және апаттық қызметі оқиға орнына жедел жетті. Мердігер компанияның 15 қызметкері қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін Теңіз кен орнындағы вахта кентінде өрт тұтанғаны хабарлаған болатын.