Тарбағатай ұлттық паркінде сабаншы видеоға түсірілді

Тарбағатай ұлттық паркінде сабаншы видеоға түсірілді


Тарбағатай ұлттық табиғи паркінде кішкентай жыртқыш видеоға түсірілді. Видео ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Ведомствоның мәліметінше, сабаншы тесіктен өте сирек шығады, өйткені бұл - жасырын тіршілік ететін аң.

"Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң. Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды. Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тиым салынған", - делінген хабарламада.