Таразда жаңа туған шақалақтың денесі каналдан табылды

Таразда жаңа туған шақалақтың денесі каналдан табылды
Коллаж: видеодан кадр

Тараз қаласында канал арнасынан жаңа туған шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, сәби шарананың кіндігі кесілмеген күйде болған. Сондай-ақ ішегі шұбатылып, шлюз аузына оратылып қалғаны айтылды.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты қашан және қандай жағдайда болғаны белгісіз. Тиісті органдар мән-жайды анықтап, оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Оқиғаның өзге де деректері әзірге белгісіз.