Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Қонаев даңғылында 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан СПА-салонда өрт шықты, деп хабарлайды ult.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 14 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт 28 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.