Шымкентте ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды: әйелі күдікті

Шымкентте ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды: әйелі күдікті
pixabay.com

Шымкентте ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, күдікті ретінде марқұмның жұбайы ұсталды. Ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

"Жетінші арнаның" мәліметінше, алдын ала нұсқа бойынша, жанжал кезінде оны өз әйелі пышақтап өлтірген болуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Көршілерінің айтуынша, ерлі-зайыпты Самал-3 шағын ауданында пәтер жалдап тұрған және екі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған. Бұған дейін олар ерлі-зайыпты арасында ешқандай ұрыс-керіс немесе жанжал естімегенін және көрмегенін айтады.

Қазіргі уақытта әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.