Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғыны үйіне ұры түскенін айтады (Видео)

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғыны үйіне ұры түскенін айтады (Видео)

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғыны тастап кеткен үйіне ұры түскенін айтты, - деп хабарлайды "Тілші".

Ақпарат орталығының мәліметінше, қаладағы мектептердің біріне орналастырылған ол екі жетім баланың көмекақысына алған азық-түлікті, ыдыс-аяғы, көрпе-төсектері мен басқа да заттарын бәзбіреулердің қолды қылғанын айтып жылайды.

"Екі жетім баланың жәрдемақысына алынған азық-түлікті алып кетті. 45 мың теңгеге алған азық-түлігім еді. Енді кімге барып, зарымды айтамын", - дейді әйел видеода.