Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Спорт сарапшысы Әлімханұлының Андрадемен айқасын көргісі келетінін айтты

Спорт сарапшысы Әлімханұлының Андрадемен айқасын көргісі келетінін айтты


Танымал спорт журналисі Марек Цудек Жәнібек Әлімханұлын америкалық әлем чемпионы Деметриус Андраденің (30-0, 18 КО) әлеуетті қарсыласы ретінде атады. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Спорт сарапшысының пікірінше, Андраде мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жекпе-жекке шықпай тұрып, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) және британдық кіші Крис Юбэнк (30-2, 22 КО) сияқты бір саты төмен тұрған қарсыластармен сайысуы керек. 

«Уильямс, Кулькая мен Сулецкиді ұту жеткіліксіз». Деметриус Андрадеге әлі тер төгу керек. Әлімханұлы, Хубэнк» - дейді Цудек. 

Бүгінгі таңда Андраде - WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.