Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Синоптиктер 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады


19 қазан күні республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпалы жалғасады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің тек батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр күтіледі. Солтүстік, шығыс және батыс өңірлерде – тұман, оңтүстік-шығыс, батыс өңірлерде екпінді жел болжанады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23 м/с артады. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с артады. 

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау облысының батысында, оңтүстік және орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында – тұман, күндіз Қостанай облысыныңсолтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.