СІМ Сербияда қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

СІМ Сербияда қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады
Ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігі Сербияда Қазақстан азаматының қаза тапқанын ресми түрде растады, деп хабарлайды ult.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін марқұмның әкесі Threads әлеуметтік желісінде қызының Белградтағы тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап көз жұмғанын жазған болатын.

СІМ қаза болған азаматтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қазақстандық дипломаттардың марқұмның отбасымен тұрақты байланыста екенін және қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында.