Шығыс Қазақстанда аязға байланысты сабақтар тоқтатылды

Шығыс Қазақстанда аязға байланысты сабақтар тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты сабақтар болмайды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

ТЖД хабарлауынша, білім басқарамасының мәліметіне сәйкес, 30 қаңтарда – 30 градус аязға байланысты Семей қаласында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Сонымен қатар, Шемонаиха, Ұлан, Бородулихин, Күршім, Қатон-Қарағай аудандары мен Курчатов және Риддер қалаларында бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды. Сол аралықта Көкпекті, Бесқарағай аудандарында 1-ден 11-сыныпқа дейін сабақ тоқтатылды, ал Алтай ауданында бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Айта кетсек, ең суық Көкпекті және Алтай аудандары. Ол жақта термометр бағаны -31-ге төмендеді.