Шетел азаматтары иемденген 2,3 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Шетел азаматтары иемденген 2,3 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
freepik.com

Жетісу облысында нарықтық құны 50 млн теңге болатын 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ult.kz.

Прокуратура мәліметінше, жер Қазақстан заңнамасын бұза отырып берілген. Тексеру барысында Ескелді ауданындағы жерге иелік еткен компанияның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екені анықталған.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы талаппен сотқа жүгінді. Сот прокурордың талабын қанағаттандырып, жерді мемлекетке қайтару туралы шешім шығарды.