Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін және елде мерзімінен бұрын президенттік әрі парламенттік сайлау өтетінін жариялады. Оның айтуынша, ол қызметінен алдағы бірнеше апта ішінде кетеді, деп хабарлайды ult.kz.
Вучич Сербияны 2017 жылдан бері басқарып келеді. Оның президенттік өкілеттігі 2027 жылдың ортасына дейін жалғасуы тиіс еді. Алайда елдің қолданыстағы Конституциясына сәйкес, ол бұл қызметке қайта үміткер бола алмайды.