«Сендер еркек емес — малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретіндерді сынады

«Сендер еркек емес — малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретіндерді сынады
ашық дереккөз

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі жазбасында әйелдерге күш көрсететін ер адамдарды қатаң сынға алды, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі әйелді ұрып-соғуды адамдыққа жатпайтын әрекет деп бағалады.

«Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес — малсыңдар болды», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Ол әйелге күш көрсетіп, сол арқылы абырой жинауға тырысуды адамдықтың ең төменгі шегі деп атады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында 19 жастағы келіншектің қазасына қатысты жаңа мәлімет айтылды.