Семейде Оңтүстік Африкадан келген азамат карантинге жатқызылды

Семейде Оңтүстік Африкадан келген азамат карантинге жатқызылды

Семей қаласына келген 1949 жылы туған ОАР азаматы карантинге жатқызылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Семей қаласында жұмыс істейтін азамат Дубай мен Нұр-Сұлтан арқылы транзитпен ШҚО-ға келген. 

«Ол 12 наурыз күні ауырғанын айтады. Дене қызуы көтеріліп, тұмауратқан. Бекітілген іс-қимылдар алгоритміне сәйкес, Семей қаласының ЖМЖС науқасты инфекциялық стационарға қорғаныш костюмдері арқылы жеткізді. Қазір ол ауруханаға жатқызылған», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Науқасқа ЖРВИ, ауырлығы орташа деңгейдегі бронхит диагнозы қойылған. Қосымша диагноз: 2 типті қант диабеті, инсулинге тәуелділік. 

Алдын алу мақсатында Сovid 2019-ға талдау алынған.