Семей мен Курчатовта көктайғаққа байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Семей мен Курчатовта көктайғаққа байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстанның екі қаласында ауа райының нашарлауына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Білім басқармасының мәліметінше, 6 желтоқсанда Семейде көктайғаққа байланысты 1-ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін, Курчатов қаласында 1-ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше қалалық ТЖБ-да 6 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) мол түсетінін ескерткен еді.