Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды

Семейдегі сауда орталығында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды
112 kz

Семейде құтқарушылар эскалаторда аяғы қысылып қалған әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды ult.kz.

112 пультіне Семей қаласының сауда орталықтарының бірінде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қажетті авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 1990 жылы туған әйелдің аяғын босатты.

Әйел адамды қажетті медициналық көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.