Семей қаласындағы Петровский тұйық көшесінде мейрамхана ғимаратына жапсарлас салынған қазандықтың шатыры жанды, деп хабарлайды ult.kz.
Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында 4 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, өртті 30 шаршы метр аумақта сөндірді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің мейрамханаға таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ.