Семейде бір жасар бала терезеден құлап қайтыс болды

Семейде бір жасар бала терезеден құлап қайтыс болды
egemen.kz

Семей қаласында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған бір жасар бала көз жұмды. Бұл – Абай облысында биыл балалардың терезеден құлауына байланысты тіркелген кезекті қайғылы оқиға, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға Семейдің Қарағайлы ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған.

Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 10 оқиға тіркелген.

Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

«Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыздар. Терезе алдына жиһаз қоймаңыздар және маса торын қорғаныс құралы деп қабылдамаңыздар. Ол баланың салмағын көтере алмайды. Осындай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау ғана орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деп ескертті ТЖД өкілдері.