Freedom Inside '26

Шахтинскіде көше тазалап жүрген екі ер адам кәріз шұңқырына құлап кеткен

Шахтинскіде көше тазалап жүрген екі ер адам кәріз шұңқырына құлап кеткен
видеодан скриншот

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Парковая көшесіндегі дүкен аумағында тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде 1957 және 1960 жылы туған екі ер адам шұңқырға құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды ult.kz.

"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерді септиктен шығарып алып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Азаматтар Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.