Шавкат Рахмоновтің әйелі күтпеген мәлімдеме жасады: «Бала керек емес деп айтып кеткен»

Шавкат Рахмоновтің әйелі күтпеген мәлімдеме жасады: «Бала керек емес деп айтып кеткен»
Ozgeris.info

Жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтің жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

Ол жазбасында перзентханаға ешкімнің көмегінсіз өзі барып, аман-есен босанып шыққанын айтты. Сонымен қатар отбасындағы қарым-қатынасқа қатысты да жан сырын ақтарды.

«Не дейін енді… “ұлым ажырассын, бірақ қызым ажыраспасын” деген түсінік қой. Қызының тойына 30 миллион жұмсалды, үйі алынды, көлік берілді. Оның үстіне көптеген шығындардың бәрі Шавкаттың мойнында болды. Берсін, алсын, бірақ араласа беру шектен шықты. Тіпті кейде күйеубаланың бағы артық сияқты көрінеді. Ешкім дүниені өзімен бірге алып кетпейді. Бумеранг бар!

Сосын “баланы көруге келді ме?” деп сұрай бермеңіздер. Ол “бала керек емес” деп айтып кеткен. Аллаға шүкір, перзентханаға өз аяғыммен барып, аман-есен босанып, үйге де өз аяғыммен келдім. Сондықтан мазасын алып, жазып, құттықтап әуре болмаңыздар», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмонованың есімі адам өлімімен аяқталған жол-көлік апатынан кейін танымал бола бастады. Сот әйелді бес жылға бас бостандығынан айырды, алайда кәмелетке толмаған балалары бар болғандықтан, жазасын өтеуді кейінге шегерді.