Самарқандқа кім барады?

Самарқандқа кім барады?

Фото: Ruslan Mazunin/lk-stuido.com
Астанада Қазақстан Республикасының 2026 жылғы классикалық шахматтан чемпионатының финалы басталды. Онда жай медальдар мен қомақты ақшалай жүлделер ғана емес, ерлер мен әйелдер олимпиадалық құрамаларына орындар да таласуда.

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы классикалық шахматтан чемпионатының финалы (ҚРЧ-2026) 2-12 мамыр аралығында Астанада Coventry University Kazakhstan-да Open (ашық) және Women (әйелдер) екі санатта өтуде.

Әрқайсысында 14 шахматшыдан қатысып, 13 тур бойынша айналмалы жүйемен, классикалық уақыт бақылауы 90+30 (партияға 90 минут + әр жүрістен бастап 30 секунд қосылады) форматында ойнайды.

Фото: Ruslan Mazunin/lk-stuido.com

Фото: Ruslan Mazunin/lk-stuido.com
«Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Чемпионат мәртебесін көтеріп келеміз. Қазақстан чемпионатының финалы — спортшылар үшін бастапқы нүкте. Біз Қазақстанның үздік ойыншыларының барынша көп қатысуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Бүгін мұнда құрама мүшелері де, жас таланттар да ойнайды. Осы тұрғыдан алғанда чемпионат қызықты болады. Бір ғана ерекшелік — әйелдер арасында әлемдік топ-50-ге кіретін шахматшылар ойнамайды. Сондықтан бүгін Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман ойнамайды. Бұл екі шахматшы қазір әлемдік рейтингте жоғары орында тұр: Бибісара — 7-орында, Алуа — 26-орында. Басталып жатқан чемпионатта, менің ойымша, жас ойыншылардың өнері ерекше қызықты болады. Әсіресе ең жас спортшылардың. Меніңше, өте қызықты тосынсыйлар болуы мүмкін», — деді чемпионаттың ашылуында Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов.


Регламентке сәйкес ҚРЧ-2025-тің алғашқы бес орын иегерлері, ҚРЧ-2026 жартылай финалының үш жеңімпазы және 18 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер чемпионаттарының екі жеңімпазы автоматты түрде 14 финалисттің қатарына енді. Қалған орындар ҚШФ номинанттарына берілді, оларды Жаттықтырушылар кеңесінің ұсынысымен ҚШФ Президиумы бекітті.

Қатысушылар тізімі 2026 жылғы 1 мамырдағы Эло рейтингі бойынша:


Фото: Ruslan Mazunin/lk-stuido.com

Ерлер (Open):

1. GM Денис Махнёв (2558, Павлодар) – ҚРЧ-2025 2-орын;
2. GM Қазыбек Ногербек (2525, Астана) – ҚРЧ-2025 1-орын;
3. GM Алишер Сүлейменов (2507, Павлодар) – ҚШФ номинанты;
4. IM Алдияр Ансат (2488, Астана) – ҚРЧ-2025 3-орын;
5. IM Жандос Ағманов (2473, Астана) – ҚРЧ-2025 4-орын;
6. GM Эдгар Мамедов (2470, Ақтау) – ҚШФ номинанты;
7. IM Сауат Нұрғалиев (2464, Астана) – ҚШФ номинанты;
8. GM Рамазан Жалмаханов (2464, Алматы) – ҚРЧ-2026 жартылай финалының 2-орны;
9. IM Даниял Сапенов (2458, Алматы) – ҚРЧ-2025 5-орын;
10. IM Ергали Сүлеймен (2396, Астана) – ҚШФ номинанты;
11. IM Сатбек Ахмединов (2331, Астана) – ҚШФ номинанты;
12. FM Жангір Бижигитов (2288, Алматы) – ҚРЧ-2026 жартылай финалының 3-орны;
13. FM Динмұхаммед Түлендинов (2283, Алматы) – ҚРЧ-2026 жартылай финалының 1-орны;
14. Владислав Малыгин (2187, Павлодар) – Қазақстанның 2026 жылғы U20 чемпионы.


Фото: Ruslan Mazunin/lk-stuido.com
Әйелдер (Women):

1. IM Меруерт Камалиденова (2389, Астана) – ҚРЧ-2025 3-орын;
2. WGM Амина Кайрбекова (2374, Астана) – ҚШФ номинанты;
3. WGM Ксения Балабаева (2355, Алматы) – ҚРЧ-2025 4-орын;
4. WGM Лия Құрманғалиева (2346, Алматы) – ҚШФ номинанты;
5. WIM Елназ Қалиахмет (2314, Алматы) – ҚРЧ-2025 1-орын;
6. WIM Зарина Нұрғалиева (2279, Атырау/Алматы) – ҚРЧ-2025 2-орын;
7. WIM Асель Серікбай (2240, Қызылорда) – ҚШФ номинанты;
8. WFM Айару Алтынбек (2216, Астана) – ҚРЧ-2026 жартылай финалының 1-орны;
9. WFM Мария Холявко (2202, Алматы) – Қазақстанның 2026 жылғы U18 чемпионы;
10. WFM Аланна Беріққызы (2142) – ҚШФ номинанты;
11. WIM Аяулым Қалдарова (2105, Шымкент) – ҚШФ номинанты;
12. Жанбота Камарова (2083, Астана) – Қазақстанның 2026 жылғы U20 чемпионы;
13. Ақнұр Мамакова (2069, Астана) – ҚРЧ-2026 жартылай финалының 2-орны;
14. Асия Асылхан (1999, Түркістан) – ҚШФ номинанты.



Фото: Ruslan Mazunin/lk-stuido.com