Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден озды

Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден озды
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы қайтыс болды. Қаралы хабар өнер иесінің Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ult.kz.

“Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін”, – делінген жазбада.

Жарияланған естіртуге сәйкес, марқұмның жаназа намазы 14 қазан күні сағат 15:00-де Түркістан облысы, Созақ ауылындағы өз шаңырағында өтеді.

Өнердегі әріптестері мен тыңдармандары әншінің отбасына көңіл айтып жатыр. Олардың арасында әнші Ерке Есмахан да бар.

“Иманды болсын! Алла алдынан жарылқасын!” – деп жазды ол.

Айта кетейік, Сәкен Майғазиев Арман Дүйсеновті еске алды.

Сәкен Майғазиев кім?

Сәкен Қордабайұлы Майғазиев – қазақстандық әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1975 жылғы 1 қаңтарда қазіргі Түркістан облысының Созақ ауданында дүниеге келген.

Кәсіби музыкалық білімін Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінде алған. Кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқуын жалғастырған.

2001 жылдан бері «МузАРТ» тобының құрамында өнер көрсетіп келеді.