Сәкен Бибосынов жаттығуда жарақат алып, ауруханаға түсті

Сәкен Бибосынов жаттығуда жарақат алып, ауруханаға түсті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Журналистің мәліметінше, спортшының омыртқасына зақым келген. Осыған байланысты ол 29 қазанда Таразда басталатын бокстан Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды.

“Өкінішке қарай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз”, – деп жазды Қаженов.

Журналист ел біріншілігіне қатыспайтын өзге боксшыларды да атады. Оның айтуынша, Азия ойындарында жүлде алған Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай бұл турнирге қатыспайды. Ал Нұрбек Оралбай алдыңғы кездесуінде алған жарақатына байланысты үзіліс жасаған.
Әйелдер құрамасынан Алуа мен Наталья да шаршы алаңға шықпайды.

Айта кетейік, Спорт журналисі Геннадий Головкинмен келеңсіз жағдайға тап болған. 

Сәкен Бибосынов кім?

Сәкен Бибосынов – қазақстандық боксшы, екі дүркін әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол 2019 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында 52 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке енді.

Сол жылы Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Ал Дубайда IBA ұйымдастырған әлем біріншілігінде 54 келі салмақта жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Финалда ресейлік Вячеслав Рогозинді ұтты. 

Сәкен Бибосынов 2024 жылғы Париж Олимпиадасына да жолдама алып, Қазақстан атынан 51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.