Саясаттанушы жаңа Қорғаныс министрінің тағайындалуына баға берді

Саясаттанушы жаңа Қорғаныс министрінің тағайындалуына баға берді
ашық дереккөзден

Саясаттанушы Әділ Сейфуллин Қорғаныс министрі қызметіне жаңа басшының тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ол Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерін күрделі мемлекеттік құрылымдарға басшылық қызметтерге тағайындау тәжірибесіне тоқталып, жаңа министрдің тағайындалуын соңғы жылдардағы кадрлық шешімдермен байланыстырды. Сейфуллин өз жазбасында Ермек Сағымбаев пен Шыңғыс Әріновтің қызмет жолын мысалға келтіріп, жаңа Қорғаныс министрінің тағайындалуын меритократия қағидатымен түсіндірді, деп жазады ult.kz.

Жаңа Қорғаныс министрі: неге дәл сол адам?

Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерін ең күрделі бағыттарға тағайындау сыналған тәжірибеге айналып келеді.

Мемлекет басшысы мен елдің жоғары лауазымды тұлғалары өз өмірін сеніп тапсыратын адамдар өздерінің кәсіби біліктілігін бірнеше рет іс жүзінде дәлелдеді.

Ермек Сағымбаев Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетін «тәртіпке келтіруге» жіберілді. Арада бес жылға жуық уақыт өткен соң, сеніммен айтуға болады: бір кездері жабық әрі рулық сипаттағы белгілері бар арнайы қызмет болған Комитет бүгінде алдыңғы қатарлы және заң талаптарын қатаң сақтайтын арнайы органға айналды.

Одан кейін Шыңғыс Әрінов келді. Төтенше жағдайлар министрлігіндегі ұзақ жылдарға созылған тоқырау мен деградациядан кейін ведомство қайта түледі, заманауи әрі жедел әрекет ететін органға айналды. Онда қайтадан қызмет ету абыройға айналды.

Қазір ол проблемалы Алматы облысына жіберіліп отыр. Мұнда әлі де ауқымды әрі амбициялық Alatau City жобасын дамыту міндеті тұр.

Ал бүгін мінсіз беделге ие офицердің Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалуы Президенттің меритократия қағидатына бейілділігін тағы да растайды:

Құзыреттілік + Патриотизм = Нәтиже

Саясаттанушының пікірінше, соңғы жылдардағы кадрлық тағайындауларда Мемлекеттік күзет қызметінен шыққан офицерлерге сенім арту үрдісі байқалады. Ол жаңа Қорғаныс министрінің тағайындалуын да осы тәжірибемен байланыстырып, бұл шешімді кәсіби біліктілік пен патриотизмге негізделген меритократия қағидатының көрінісі ретінде бағалаған.