Риддерде әкесінің зорлығына ұшырады деген қыздың ісі тергеліп жатыр

Риддерде әкесінің зорлығына ұшырады деген қыздың ісі тергеліп жатыр
24.kz

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында ер адам туған қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті шілде айында жұмыс орнында ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қыз бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір ол 13 жаста.

Тергеу барысы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.