Freedom Inside '26

Ресейлік блогердің мәлімдемесі қоғамда дау туғызды (ВИДЕО)

Ресейлік блогердің мәлімдемесі қоғамда дау туғызды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық әлеуметтік желілерде ресейлік блогер әрі «қарым-қатынас коучы» Денис Байгужиннің мәлімдемесі қызу талқыланып жатыр,  деп хабарлайды ult.kz.

Подкасттардың бірінде блогер қазақ әйелдері ер адамдарды табысқа жетуге және қаржылық тұрғыдан өсуге ынталандыра алмайды деген пікір айтқан.

– «Қазақ әйелдері – нашар музалар. Олар ер азаматтарды үлкен тұлғалық және қаржылық жетістікке жігерлендірмейді», – деген ол.

Сұхбаттың бұл үзіндісі әлеуметтік желілерде жылдам тарап, қазақстандықтардың наразылығын туғызды. Желі қолданушылары блогерді негізсіз жалпылама пікір айтқаны, әйелдерді құрметтемегені және қоғамға стереотиптерді таңуға тырысты деп сынға алды.

Көпшілік ер адамның жетістігі жанындағы әйелге ғана байланысты емес екенін айтып, мұндай мәлімдемелер қоғамда тек алауыздық тудыратынын әрі шынайы өмірге жанаспайтынын жеткізді.