Қырғызстан президенті Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілерге көңіл айтты

Қырғызстан президенті Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілерге көңіл айтты
Ақорда

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерге байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Қырғызстан президентінің ресми сайты хабарлады.

Жеделхатта Садыр Жапаров қазақстандық әскери қызметшілердің қаза болғанын терең күйзеліспен қабылдағанын айтып, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл білдірген. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеген.