Ақмола облысында мас күйінде көлік жүргізген ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған көлік басқаруға өмір бойына тыйым салынды, деп хабарлайды ult.kz.
Сот мәліметінше, бұған дейін ер адам жүргізуші куәлігінен бір жылға айырылған. Алайда соған қарамастан қайтадан рөлге мас күйінде отырған.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, көлікке отырар алдында көп мөлшерде қымыз ішкенін айтты. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін растайтын дәлелдерді ұсынды.
Сот жаза тағайындау кезінде оның кінәсін мойындағанын және кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді.
Үкім заңды күшіне енді.