Света Айтбаева қызы мен күйеубаласына қатысты қуанышты жаңалықты айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Танымал өнер иесі Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты сәтке байланысты жазба жариялап, жас жұбайларға ақ тілегін білдірді.
Өнер иесі отау құрған жастарды құттықтап, олардың ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешуін тіледі.
"Отау тіккен күндерің құтты болсын, балапандарым! Бақытқа бөленіп алтын тойға жетіңдер", – деп жазды Света Айтбаева.