«Қолын байлап, ұрып-соққан»: Алматыда әйел ұлынан қашып шықты

«Қолын байлап, ұрып-соққан»: Алматыда әйел ұлынан қашып шықты
Видеодан скриншот

Алматыда ұлынан зәбір көрген әйел жалаң аяқ көшеге қашып шығып, көмек сұраған. Оқиға куәгерлері ұоның қолын шешіп, полиция шақырған, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әйелдің қолы байлаулы болғаны көрінеді. Куәгердің айтуынша, әйел ұлы үйде ұрып-соғып, қолын байлап ұстағанын айтқан.

Полиция аталған факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Әйелдің жеке басы анықталып, қазір ол полицияға түсініктеме беріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.