Мемлекет басшысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салу туралы тапсырмасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Қызылорда облысының әкімдігі өңірде 2026–2027 жылдары әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес әлеуметтік маңызы бар үш жобаны қаржыландыруға 2,1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Атап айтсақ, Шиелі ауданының Бәйтерек ауылында спорт кешені, Жаңақорған кентінде емхана бой көтеруде, деп хабарлайды ult.kz.
Маңызды жобалардың бірі – Жаңақорған ауданына қарасты Ақжол елдімекеніндегі ауылдық клуб ғимаратының құрылысы. Жалпы ауданы 740 шаршы метрді құрайтын, 150 орындық нысан ауыл тұрғындары үшін рухани-мәдени іс-шаралар өткізетін маңызды қоғамдық орталыққа айналмақ.

Бұл жоба ауыл инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған.
«Ауылымыздың көркейіп, жаңғырып жатқанына қуанамыз. Осындай игі істерге қолдау көрсетіп, өңіріміздің дамуына үлес қосып отырған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына алғысымызды білдіреміз!» - дейді ауыл ақсақалы Әлімхан Құрманбеков.

Қазатомөнеркәсіп жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобалар медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, рухани-мәдени құндылықтарды жаңғыртуға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуды көздейді.
Қазатомөнеркәсіп үшін өндірістік қызметпен қатар өзі жұмыс істейтін өңірлердің әлеуметтік дамуына үлес қосу аса маңызды