Қазгидрометтің болжамы бойынша 25 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн ала бұлтты болады, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада күн ала бұлтты болып, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 9-14 м/с болады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +7+9°С, күндіз +13+15°С болады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ты құрайды. Түнде +12+14°С, күндіз +23+25°С жылы болады.
Шымкентте де күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 8-13 м/с болады. Түнде ауа температурасы +12+14°С, күндіз +25+27°С-қа дейін көтеріледі.