Қазақстанның батысында аптап ыстық қайта күшейеді

Қазақстанның батысында аптап ыстық қайта күшейеді
Фото: freepik

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 23-25 шілде аралығында Қазақстанның батыс өңірлерінде қайтадан аптап ыстық орнайды.

Мамандардың мәліметінше, Иран аумағынан келетін жылы әрі құрғақ ауа массаларының әсерінен өңірде жауын-шашын тоқтап, күндіз ауа температурасы +34...+39 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір аудандарда сынап бағаны +40...+44 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Ал елдің қалған аумағына Солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді. Соның салдарынан бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түседі. Суық ауа массаларының келуіне байланысты ауа температурасы біртіндеп төмендейді.