Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады

Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады
Фото: freepik

2026 жылдың тамыз айында қазақстандықтар бес күн жұмыс аптасы бойынша 10 күн демалады, деп хабарлайды ult.kz. 

2026 жылдың тамыз айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтарды 10 демалыс күні күтіп тұр. Бұрынғы жылдардан айырмашылығы, тамыз айының соңында қосымша демалыс болмайды. Себебі Конституция күні ресми түрде 15 наурызға ауыстырылды. Осыған байланысты азаматтар демалысын, саяхатын және жаздың соңғы күндерін алдын ала жоспарлағаны жөн.

Бес күн жұмыс істейтіндер бойынша:

  • 21 жұмыс күні;
  • 10 демалыс күні.

Алты күн жұмыс істейтіндер бойынша:

  • 26 жұмыс күні;
  • 5 демалыс күні.

Тамыз айында қосымша мерекелік демалыс күндері қарастырылмаған. 

Мемлекеттік мерекелер болмаса да, тамызда мынадай кәсіби және атаулы күндер аталып өтеді:

  • тамыздың бірінші жексенбісі – Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні; 
  • 10 тамыз – Абай күні; 
  • тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні;
  • тамыздың үшінші жексенбісі – Спорт күні; 
  • 18 тамыз – Шекарашылар күні; 
  • 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні; 
  • тамыздың соңғы жексенбісі – Кеншілер күні.