Адамның дамуы мен білімі елдің басты басымдықтары деп аталған жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда оқу процесін толығымен қайта құруға шешім қабылдады, деп хабарлайды ult.kz.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында балаларға оңай әрі түсінікті болатын мектеп бағдарламаларын жаңарту туралы айтып берді.
Оның айтуынша, негізгі мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, оқу материалының сабақтастығын қамтамасыз ету және оқушылардың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру. Атап айтқанда, 1–4-сыныптарға арналған «Математика» пәні бойынша 244 оқу мақсаты толық қайта қаралды. Бағдарлама неғұрлым практикалық болды: күрделі тақырыптардың үштен бірі жеңілдетілді, ал балаларға жасына сәйкес келмейтін сабақтардың шамамен 14% - ы алынып тасталды немесе орта мектепке ауыстырылды. Сонымен қатар бірінші сынып оқушылары үшін жылдың басында арнайы бейімделу кезеңі енгізіледі.
Тілдік пәндердің мазмұны да айтарлықтай жаңартылды. Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа дейін ұзартылды, «Әліппе» пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді, ал «Ана тілі» пәні екінші жартыжылдықта оқытылады. Сондай-ақ, оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі.
«Оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. Бағдарламамен қамту көрсеткішін 2026 жылы – 50%-ға, 2027 жылы – 80%-ға, ал 2028 жылы – 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде математика және тілдік пәндер бойынша білім сапасын 2027 жылы 15%-ға, ал 2028 жылдың қорытындысы бойынша 35%-ға арттыру көзделген», — деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.