Aeka.posh лақап атымен танымал блогер Айым Алтынбекова ұлының тұсаукесер тойын өткізіп, қонақтарға ұлттық нақышта киініп келуді ұсынды. Тойда ұлттық стильдегі ең үздік образ иесіне iPhone 18 сыйға тартылған, деп хабарлайды ult.kz.
Алайда той иесінің өз киімі көпшіліктің назарын аударды. Әлеуметтік желі қолданушылары оның образын «Зена» мен «Чудо-женщинаға» ұқсатқан.
Блогер өзіне айтылған сынға жауап беріп, не киетінін өзі шешетінін айтты.
«Мен "Зена" болып киінемін бе, "Пэна" болып киінемін бе, өзім білемін. Екіншіден, бізде этностильде той өткені рас. Бірақ мен шілі қазақша киінгім келген жоқ. Неге десеңіздер, мен қонақтардан ерекшеленіп тұрғым келді. Егер мен де қонақтар сияқты сәукеле киіп алып жүрсем, көрінбей қалатын едім. Өзіме образым ұнады. Бәріне ұнады», – деді Айым Алтынбекова.
Блогердің айтуынша, қазақы стильді тек ою-өрнекпен байланыстыру дұрыс емес.
«Бізге қазақша десең, тек ою-өрнек деп ойлайды», – деді ол.
Оқи отырыңыз: "Тыныштықты қалаймын": Танымал блогер Aeka Posh хиджабын шешті